Түркияның шығысында жер сілкінді

None
None
БИНГӨЛ. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жер дүмпуінің ошағы Кигы ауданында орналасқан, деп мәлім етті Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD).

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 15.27 кезінде 12 шақырым тереңдікте тіркелген.

Провинция губернаторы Кадир Екинжи қазіргі таңда жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар