Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD).

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 17:24-те болған. Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Дүмпу жақын маңдағы аудандарда сезілді.

Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Курум, табиғат апаты болған аумаққа құтқарушылар жіберілгенін мәлімдеді.

«Үкімет жағдайды мұқият бақылап отыр», - деді ол.

Бингөл провинциясының губернаторы Кадир Экинджидің айтуынша, жер сілкінісі кезінде бақылау мұнарасы қираған, нысанның үш күзет қызметкері жарақат алған.


Фото/aa.com.tr

Соңғы жаңалықтар