Түркияның Измир қаласында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Измир қаласының Буджи ауданында 20 желтоқсан күні кешқұрым қуатты жарылыс болды. Алдын ала деректер бойынша, қолдан жасалған екі құрылғы іске қосылған.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады life.ru.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.  Жарылыс болған жердегі екі көлік қирады. Құқық қорғаушылар үш күдіктіні ұстады. Олар қалалық полицияның терроризммен күрес бөлімшесіне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар