Түркиядағы зілзала: ҚР Елшілігі қазақстандықтар хабарласатын телефон нөмірлерін жариялады

None
None
ИЗМИР. ҚазАқпарат – Түркиядағы Қазақстан Елшілігі қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын нөмірлерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook -тегі парақшасында жазды.

«Өте Шұғыл! Өте маңызды! 2020 ж. 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 баллдық (кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 баллдық) қуатты жер сілкінісі орын алды. Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларында сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтауда. Әзірше зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ», деп жазды Абзал Сапарбекұлы.

Елші көмек қажет азаматтарымыз болған жағдайда тікелей өзіне, не елшіліктің +903124919100 нөміріне, болмаса төмендегі нөмірлерге хабарласуға болатынын ескертті.


А. Амандықов +905384409677


А. Сыдықов +905367772827


Л.Болатова +905396903114


Измир қаласындағы ҚР Құрметті Консулы

Фатих Карадениз +905323833135


Азра Ахмедиянова +905347023135.


Еске сала кетсек, Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Қазіргі ақпарат бойынша Измир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы 120-сы жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар