+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12 адамға артты, 522-сі зардап шекті

2020 жылғы 31 қазан 02:33
Бөлісіңіз:
Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12 адамға артты, 522-сі зардап шекті

ИЗМИР. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 12 адамға артты, зардап шекті – 522 адам. «ҚазАқпарат» ХАА бұл туралы «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жұма күні Түркияның батысында 6,6 балл қуатымен жер сілкінді.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) ақпаратына сәйкес, жергілікті уақыт сағат 14.51-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Измир провинциясының Сеферхисар ауданында, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Зілзала эпицентрі 16,5 шақырым қашықтықта болған. Дүмпулер 15 секундқа жуық жалғасқан және Түркия батысының көптеген провинцияларында сезілді.

Түркия Ішкі істер министрлігінен мәлім еткендей, Измир қаласындағы Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қирады.

Елдің Экология және қала құрылысы министрі Мурат Куруманың сөзінше, 12 адам қаза болып, 522 адам зардап шекті.

AFAD дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулерінен кейін 67 афтершок тіркелген.

Қирандылар арасынан 70 тұрғын табылды. Измирде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін әзірге 3 млн түрік лирі бөлініп отыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы еліміз азаматтары хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT