Түркиядағы жер сілкінісі: 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақаттанған. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Бингөл провинциясының губернаторы Кадира Экинджидің мәлімдеуінше, жер сілкінісінен бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақат алған.

Еске салсақ, Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Дүмпу жақын маңдағы аудандарда сезілді.




Соңғы жаңалықтар