Түркияда туннельде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті

None
None
БАЙБУРТ/ЭРЗУРУМ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Түркияның солтүстік-шығысында туннельде болған жарылыс салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа Шығыс Анатолия мен Қара теңіздің шығыс бөлігін байланыстыратын Зрзурум-Байбурт күре жолының Коп тауындағы туннелінде газдың жиналып қалуы себеп болған.

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Байбурт қаласының губернаторы Кюнейт Эпджимнің айтуынша, зардап шеккендердің кейбіреулерін күйік шалған. Ол сондай-ақ олардың жағдайы аса ауыр емес екендігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар