Түркияда мигранттар мінген қайық көлге батып кетті: 6 адам көз жұмған

None
None
ВАН. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның шығысында Ван көлінде 55-60 заңсыз мигрант мінген қайық суға батып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көлде кем дегенде 6 заңсыз мигрант қаза тапқан.

«Суға батып кеткен қайық 110-120 метр тереңдікте жатыр» деп атап өтті министр.

Апатқа байланысты Ван көлінде 11 адам ұсталды. Анкарадан оқиға болған жерге Row дроны жеткізілді. Ол - су астында суретке және видеоға түсіруге арналған құрылғы.

«Оны Түркияның ішкі су айдындарында алғаш рет қолданып жатыр» деп атап өтті С. Сойлу.


Соңғы жаңалықтар