Түркияда коронавирустан екінші адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда жаңа типтегі коронавирустан екінші адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз тағы бір науқастан айырылып қалдық. Бұл 61 жастағы ер адам», - деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі парақшасында .

Оның айтуынша, соңғы тәулікте елде коронавирусқа шалдығудың 93 жаңа оқиғасы тіркелген.

«Індетке шалдыққандардың жалпы саны 191 адамға жеткен», - деді Ф.Қожа.


Соңғы жаңалықтар