Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар 90 пайызға жуықтады

Фото: None
АНКАРА. ҚазАқпарат – 15 қарашадағы жағдай бойынша Түркияда екінші рет вакцина салдырғандар саны 80% құрайды, ал бірінші рет алғандар саны 89,9%-ы құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда өткен тәулікте COVID-19-ға 346 мың 642 адам тест тапсырып, соның ішінде 21 мың 624 адамның тесті оң нәтиже берген. 189 адам көз жұмып, жазылғандар саны 20 мың 550 адамды құрап отыр. Мемлекет тұрғындары толықтай вакцинамен қамтылған. Доза саны 118 миллионға артқан. Түркияның екінші рет вакцинацияланған провинциялары - Орду, Амасья, Мугла, Османие, Кыркларели, Чанаккале, Эскишехир, Балыкесир, Зонгулдак пен Бурдур. Елдің денсаулық сақтау министрі Ф. Коджа әлеуметтік желідегі жеке аккаунтында халықты вакцина салдыруға шақырды.

«Вакцина салдырғандар санын арттыру мақсатында біз вакцинаны алған барлық адамдардан қолдау сұраймыз. Барлық жақындарымыз бен таныстарымызға вакцинацияның пайдасы туралы айтуымыз керек», деді денсаулық сақтау министрі.

Автор: Ақжігіт Чукубаев


Соңғы жаңалықтар