Түркияда, Қара теңіз жағалауында ресейлік кеме суға батты

None
None
БАРТЫН. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның Қара теңіз жағалауында ресейлік құрғақ жүк таситын ARVİN кемесі суға батып кетті. Бұл жайында бүгін Түркияның Бартын өлкесінің губернаторы Синан Гюнер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей туы тігілген құрғақ жүк таситын кеме Бартын батыс-қара теңіз өлкесінің Инкуму ауданы жағалауында суға батқан. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында кеме командасының үш мүшесі құтқарылды. Құтқару операциясы 3 шлюпкада болған экипаждың шамамен 15 мүшесін аман алып қалу үшін жүргізіліп жатыр.

Апат болған аумаққа жағалау күзеті мен Түркия Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою басқармасының катерлері жіберілді.

Ауа райының қолайсыздығы іздеу-құтқару операциясына қиындық тудыруда.


Соңғы жаңалықтар