Түркия туристер үшін шекарасын ашты

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Түркия түрік және шетел азаматтарының елге кіріп-шығуына рұқсат берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шешім ел президенті Реджеп Тайып Ердоған басшылығымен өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін қабылданды.

Әуе тасымалы денсаулық сақтау, сыртқы істер және көлік министрліктерімен бірлесіп үйлестіріледі. Түркияға келген түрік және шетел азаматтары медициналық тексерістен өтеді. Жаңа жарлық елдің барлық провинцияларына жіберілді.

Еске сала кетейік, 11 маусымдағы жағдай бойынша Түркияда коронавирус инфекциясының 987 жаңа дерегі тіркелген. 1021 науқас сауығып шықса, 17-сі вирустан көз жұмған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 459 500-ден астам адам коронавирус пандемиясынан қайтыс болған. Коронавирустың расталған жағдайларының саны - 7,72 млн.


Соңғы жаңалықтар