Түркия төрінде қазақтың дәстүрлі өнері ұлықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ыстанбұлда Алматы қалалық мәдениет басқармасына қарасты қазақтың дәстүрлі өнерін ұлықтайтын «Алатау» өнер театры ұжымының «Алтыбақан» атты ойын-сауық ән кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің мәліметінше, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған іс-шараға Ыстанбұл қаласының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсеткен.

«Аталған мәдени іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Ыстанбұл қаласы мэриясының өкілдері, «Алатау» өнер театрының директоры Ринат Заитов, қазақ диаспорасы, зиялы қауым және Түркияда білім алып жатқан студенттер қатысты. Кештің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Абзал Сапарбекұлы жиналған қауымды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, кештің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосатындығына сенімін білдірді. Сонымен қатар Елші Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында еліміздің жеткен жетістіктері мен Қазақстан-Түркия байланыстары туралы жан-жақты баяндады», - деп атап өтеді Елшіліктің баспасөз қызметінен.


«Алтыбақан» ойын-сауық кешінде дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалды. Сахнада өнерпаздар қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан тұрмыс-салтын өнер сүйер қауымға паш етті. Бұл ойында қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосу, ән айту, домбыра тарту, айтысу, би билeу, түрлі ойындар ойнау сияқты дәстүрлері ұсынылды. Сонымен қатар, театрдың күміс көмей, жез таңдай әншілері түрік көрермендеріне олардың ана тілінде де ән шырқады.


Соңғы жаңалықтар