Түркия шекарасына 200-250 мың мигрант келе жатыр – Ердоған

None
None
АНКАРА. АНАДОЛУ - ҚазАқпарат – Түркия шекарасына 200-250 мың мигрант келе жатыр. Сирияның солтүстік аудандарындағы жағдай туралы пікір білдіре келе Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуына қарағанда, көш тізгінін тоқтату үшін қажетті шаралар қолға алынуда. Алайда бұл адам өміріне қатысты іс болғандықтан, көшті тоқтату оңай шаруа емес. Түркия қазірдің өзінде бес миллионға тарта босқынның үйіне айналған. Түркия басшысы олардың төрт миллионы сириялықтар екенін еске салды.



Соңғы жаңалықтар