+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Түркия Президенті Қазақстанның коронавирусқа қарсы іс-шараларына қолдау білдірді

2020 жылғы 18 мамыр 20:19
Бөлісіңіз:
Түркия Президенті Қазақстанның коронавирусқа қарсы іс-шараларына қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жолдау хаты келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта еліміздің жаңа коронавирусқа қарсы қабылдап жатқан кешенді іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді.

«Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы қабылданып жатқан тиімді шаралар мен жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Ең алдымен, індетпен күресте алғы шептегі медицина қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Осы орайда, достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген хатта.

Түркия Президенті коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған Қазақстан азаматтарының отбасыларына көңіл айтып, қауіпті ауру жұқтырғандардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.

Сондай-ақ, Режеп Тайип Ердоған ортақ тарих пен бауырластықтан бастау алатын екіжақты стратегиялық әріптестік қазіргі дағдарыстан кейін әрі қарай беки түсетініне сенімді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT