Түркия қорғаныс министрі Сириямен шекараға барды

None
None
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат - Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Сириямен шекарадағы Хатай провинциясында орналасқан Идлибедегі Тактикалық іс-қимылдарды басқару штабына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия әскери ведомствосының басшысымен бірге Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Умит Дүндар мен Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хасан Кючюкакиюз келген.

Ұлттық қорғаныс министрі мен қолбасшылар Түркия-Сирия шекарасындағы «нөлдік нүктеде» Идлибтегі Дамаск режімінің мақсатына қарсы операцияларды басқарады.

Хулуси Акар Хатайға барар алдында Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жиналысқа қатысты.

Бұған дейін Идлибте Башар Асад режімінің күштері әуе шабуылын жасап, салдарынан Түркия Қарулы күштерінің 33 әскери қызметшісі қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар