Түркия Италиядағы 2 жасар сәбиді құтқару үшін әуе кеңістігін ашты

None
None
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркия бағаналы жасушасын ауыстыруға мұқтаж Италиядағы екі жасар баланы құтқару үшін әуе кеңістігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Анкара жаңа үлгідегі коронавирус пандемиясына қарсы әрекет ету шаралары аясында Италияға рейсті тоқтатқан еді, бірақ балаға көмектесетін болды.

14 наурызда Италия денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық трансплантация орталығының директоры Массимо Кардилло Түркия денсаулық сақтау министрлігіне екі жасар балаға бағаналы жасушаларды жеткізіп беруге көмектесуді сұрап, электрондық хат жолдады.

Түркиядағы донордың ғана жасушалары балаға сәйкес келген.

Түркия денсаулық сақтау министрлігі Италияға жасушаларды Ыстанбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында беру туралы шешім қабылдады. Сovid-19 эпидемиясына байланысты барлық шаралар қолданылды.

Жасушалар арнайы оқшауланған әуежай аумағында италиялық тарапқа берілді.


Соңғы жаңалықтар