Түркия 31 елдің азаматтарына медициналық мекемелерінде емделуге рұқсат етті

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі короновирус инфекциясына байланысты карантинді жеңілдету шаралары аясында осындай шешім қабылдады.

Рұқсат етілген елдердің арасында Ирак, Ливия, Әзербайжан, Грекия, Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түркіменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды елдерінің азаматтары бар.

Сырқаттарға медициналық жәрдем берілетін қызмет түрлері де айқындалған. Олар: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, органдар және сүйек майы трансплантациясы.

Түркияда емделгісі келетін шетелдіктер туралы ақпарат алдымен Халықаралық медициналық бақылау жүйесінде орналастырылады және оның расталғандығын алғаннан соң түрік медициналық мекемелерінде емделуге рұқсат беріледі.


Соңғы жаңалықтар