Түркия 3 ғарышкерді іріктеп, соның ішінен біреуін ғарышқа ұшырады

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында үш үміткер таңдап алынады. Арада екі жыл өткенде соның біреуі ғарышқа ұшқан алғашқы түрік азаматы атанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасын таныстырды.

Жиын барысында ол Түркияның алғаш рет ғарышты ғылыми зерттеуге өз азаматын аттандырғалы тұрғанын мәлімдеді.

Өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің мәліметінше, кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлерін астрономия, медицина және спорт саласындағы сарапшылар анықтайды.

Тиісті құрылымдар соған сай келетін үш үміткерді іріктеп алады, олар екі жыл бойы дайындықтан өтеді.

Сосын оқыту курсын ұйымдастыратын құрылым соның ішінен ең үздігін анықтайды. Сол адам Түркияның атынан ғарышқа ұшады.

Ғарышқа ұшу рәсімі Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл мерейтойына орайластырылады.

Түркиядан баратын астронавт халықаралық ғарыш стансасындағы ғылыми зерттеулерге қатысады. Бұл жерде әңгіме биологиялық зерттеулер мен Түркияның ғарыштағы зерттеулеріне қатысты болып отыр.

Бұл миссияның нақты аясы ЖОО-лармен және ғалымдармен кеңескеннен кейін анықталады.


Соңғы жаңалықтар