+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Түркітілдес елдер телевизия жобаларын алмасатын онлайн платформа құру қажет – Ләззат Танысбай

2021 жылғы 15 қыркүйек 14:10
Бөлісіңіз:
Түркітілдес елдер телевизия жобаларын алмасатын онлайн платформа құру қажет – Ләззат Танысбай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ләззат Танысбай түркітілдес елдер телевизиялық жобаларын тегін алмасуы қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ыстанбұлда Түркі кеңесінің медиафорумы өтіп жатыр Телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуі керек – продюсер

«Корпорация жылына 200-ге жуық бөлімнен тұратын телехикаялар түсіреді, біз нарыққа жылына 15-16 сериал ұсынып отырмыз. Қазіргі уақытта «Қорқыт ата» сериалына дайындық жұмыстарын бастадық, бұл телехикаяны күллі түркі әлеміне ортақ өнім етіп жасау, сіздердің де арналарыңызға ұсыну ойда бар. Бұл бағытта ортақ жобаны жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс жасап, сіздердің елдеріңізде түсірілім жасап, ортақ сериал жасауға ниеттіміз. Себебі біздің Қорқыт ата бәріміздің тарихымызда болған ортақ тұлға, сондықтан осы жобаға атсалыссаңыздар деген нақты ұсынысымыз бар», - деді Ләззат Танысбай XVII Еуразия медиафорумында «Түркітілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары» атты дөңгелек үстелде.

Телекорпорация басшысы түркітілдес елдер өндірген телевизиялық тарихи жобалармен алмасу алаңын құруды ұсынды.

«Жыл сайын біздің және сіздердің телеарналарда мәдени-тарихи бағыттағы көптеген жаңа өнім дайындаймыз. Соларды алмасып тұру үшін ортақ сериалдардың онлайн платформасын немесе ортақ ақпараттық сервис құруды ұсынамыз. Яғни, ол жерге кез келген телеарна өзінің дайындап жатқан жаңа өнімін таныстыру үшін аңдатпаларын жүктей алады. Ал қызығушылық танытқан мемлекеттің телеарнасы оны тегін алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Бұл ортақ тарихымызды әр елдің ана тілінде көрсетуге мүмкіндік болар еді, бұл жүйені тележобалар өндірісіне идея алатын франшизалық алаң ретінде де пайдалануға болады», - деді коропорация басшысы.

Сонымен бірге, Л. Танысбай біртұтас түркі тарихын көрсететін анимациялық жобалар өңдеуге де қатысты ұсыныс білдірді.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан» корпорациясы бұл салада бірқатар табыстарға қол жеткізді, өнімдеріміз сыртқы нарыққа шығып жатыр. Корпорация құрамындағы «Балапан» телеарнасы анимацияның дамуына елеулі үлес қосып келеді. Онда жылына 250-300 бөлімді құрайтын 20-25 анимациялық туынды шығарып отырмыз», - деді Ләззат Танысбай.

Айта кетейік, XVII Еуразия медиафорумының «Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргі жағдайда ынтымақтастықты дамыту» дөңгелек үстеліне Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Ф.Маджидли, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Л.Танысбай, Әзірбайжан тележүргізушісі Т. Аббасов, Венгрияның «Дуна» телекомпаниясының директоры И.Палффи-Орбан, Қырғызстан «Кабар» агенттігінің директоры К.Таабалдиев, Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясының төрағасы А.Хаджаев қатысып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT