Түркістандықтар мемқызметтерді жаңадан іске қосылған порталдан алуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу үшін жаңа портал іске қосылды. Қазіргі таңда өңірдің жеке және заңды тұлғаларына электронды форматта 22 мемлекеттік қызмет толық қолжетімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, qyzmet.iturkistan.kz геоақпараттық порталынан қалаған қызмет түрін алуға болады.

«Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтерді электронды жүйеде пайдаланады. Бұл қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі. Алдағы уақытта толық аудандар осы жүйемен қамтылатын болады.

Айта кетерлігі, геоақпараттық порталдың қолданылуы және функциялары жайлы Түркістан қаласының жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы саласынан тиісті мамандарға оқыту жұмыстары жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Порталда қызметтерді алу тәртібі:1) Тіркелу/Авторизация; 2) Қызметті таңдау; 3) Өтініш беру; 4) ЭЦҚ қою; 5) Шешімін алу.


Соңғы жаңалықтар