+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде

2020 жылғы 27 наурыз 21:22
Бөлісіңіз:
Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшіліктің бас қосуымен өтетін іс-шараларды кейінге шегерді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрсетілетін қызметтерді қашықтан жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдап, қарқынды атқаруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында және кез келген жағдайдың мүмкіндігі мол екенін үйрететін үздік жобаларды жастар назарына ұсынды.

Атап айтар болсақ, әлеуметтік желі арқылы онлайн жоспар бойынша «Жастар online», «Наурыз, наурыз күн игі» атты көркемсөз оқу видео-байқауы және жаңа форматта қашықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда ағылшын тілін тегін әрі терең меңгеру үшін 200-ге жуық жас тіркелген.

Мамандардың айтуынша, тіркеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін қашықтықтан тегін үйренетін болады.

Сондай-ақ, электронды оқулық платформасы арқылы «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» басталды. Курсқа тегін қатысып, үздік ұстаздардан дәріс алуға болады. Ниет білдірген ұстаздар үшін де онлайн режимде сабақ беруге мүмкіндіктер қарастырылуда. Алдағы уақытта «Түркістан облысы жастары оқуы қажет 100 кітап» электронды оқулық базасы, А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» және «Түркістаным – мақтанышым!» атты жазба, жас ақындардың облыстық онлайн-байқауы және басқа да ұтымды жобалар ұсынбақ.

Бұдан басқа, COVID-19 вирусына байланысты тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері Call-орталығына жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT