+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Түркістандық спортшылар чемпионаттардан 400-ге жуық алтын медаль жеңіп алған

2020 жылғы 16 қаңтар 10:17
Бөлісіңіз:
Түркістандық спортшылар чемпионаттардан 400-ге жуық алтын медаль жеңіп алған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық спортшылар чемпионаттарда 400-ге жуық алтын медаль жеңіп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Стенд ату: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді Қазақстан дзюдодан Еуропа жастар кубогын сәтті бастады

«Түркістан облысының спортшылары ҚР чемпионаттарында жалпы 839 медальға (273 - алтын, 274 - күміс және 292 - қола) қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 139 медаль (68 - алтын, 44 - күміс және 27 - қола) иеленген. Ал, әлем чемпионаттарында жалпы 72 медаль (31 - алтын, 20 - күміс және 21 - қола) жеңіп алды» делінген хабарламада.

Жалпы, өңір спортшылары барлық чемпионаттардан 372 алтын медальмен оралған.

2019 жыл қорытындысымен облыста 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 39 ҚР спорт шебері, 180 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Түркістан облысынан Олимпиада ойындарының лицензиялық жарыстарына 17 спортшы қатысады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында 67 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыста 4413 спорт нысаны тіркеліп, бұл көрсеткіш, 2018 жылмен салыстырғанда 149 спорт нысанға артқан.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы облыс аумағында 4776 шара өтіп, оған 609 мыңнан астам адам қамтылды. Жыл қорытындысымен облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны - 618361 адамға жетіп, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 30,7% құрады.

ҚР Үкіметінің «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» №938 қаулысына сәйкес, 2020 жылы - 2, 2021 жылы - 6 спорттық нысан ел игілігіне беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT