Түркістандық шенеунік зейнетақы тағайындағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Дадаметовты мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған лауазым иесі Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдан жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар