Түркістандық полицейлер тұрғынның көлігінен 1 келіден астам есірткі тапты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасын ұйымдастырып, тұрғындардың бірінен 1 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайрам аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірі хабарласып, көшеде жүріс-тұрысы күмәнді ер адамның жүргенін айтады. Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті.

«Полицейлер аталмыш азаматтың автокөлік ішінде отырғанын анықтап, одан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Оның өзін және көлігін тінту кезінде, көліктің артқы орындығынан полиэтиленді пакетке оралған есірткі затына ұқсас зат тапты. Оны полицейлер айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Нәтижесінде ол салмағы 1 келіден астам марихуана болып шықты», - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі таңда сезікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-тің 296-бабы - есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша тіркеуге алды.



Соңғы жаңалықтар