Түркістандық құрылысшыларға еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарында бүгінде 4000-нан астам жұмысшы еңбектенуде. Оларға еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен құқықтары және міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға әкімшілік-іскерлік орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әуежайдың, конгресс холл мен басқа да нысандарды салып жатқан мердігер компания басшылары, жұмысшылары қатысты.

Облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Б. Нұрмаханов пен мемлекеттік еңбек инспекторлары құрылысшыларға еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі туралы айтып өтті. Ауысымдық және түнгі уақыттағы үстеме жұмыстың тәртібі, жалақы төлеудің мерзімдері мен лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру жайын жеткізді.


Профилактикалық шараларды жүргізу туралы мәселелерді түсіндірді. Кездесу барысында мамандар жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігер компания басшыларына құрылыс алаңдарында карантин талаптарының қатаң қадағалануын тапсырған болатын. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларының сақталуын және құрылысшылардың қолайлы еңбек жағдайын жасауын тапсырған еді.


Соңғы жаңалықтар