Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 млн теңге бөлді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

«Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус дерті, өкінішке қарай, Қазақстанға да жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді төтенше жағдай жариялап, індетке қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы қысылтаяң шақта еліміздің патриот азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде. Солардың бірі – Сырым Ертаев. «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Елбасы үндеуін қолдап, «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 миллион теңге аударды», - делінген ақпаратта.

Белгілі кәсіпкер «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ол бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған азамат.

«Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық, перзенттік парызым деп білемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз» деді. Ендеше әр азамат төтенше жағдайдағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескертпелерін орындағаны жөн. Біз бірігіп, бұл қиындықты да жеңіп шығамыз», – дейді Сырым Ертаев.


Соңғы жаңалықтар