Түркістандық дәрігерлер ата-аналарға аутизм туралы айтып берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығында» балалар психологы және логопедтердің қатысуымен ұйымдастырылды.

«Ашық есік» күніне 48 ата-ана балаларын ертіп келді. Онда 3 дәрігер аутизм туралы баяндама жасап, мамандар түрлі сауалдарға жауап берді. «Аутизм» ауруының белгілері мен оған шалдыққан балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпарат айтты. Мұндай балаларды мүгедектікке шығару мен емдеу жайын түсіндірді. Өз кезегінде ата-аналар ашық есік күнін ұйымдастырған мамандарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.null

Айта кетейік, өңірде өткен жылы 57 бала аутизммен есепте тұрса, биылғы жылы олардың қатары 68-ге жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар