Түркістандық ақсақалдар жағдайы төмен отбасылар үшін азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастама көтеріп, арнайы әлеуметтік дүкенге демеушілер тарапынан азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды. Алқа төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жиналған заттар аз қамтылған жанұяларға үлестірілетінін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде он алты аймаққа белгіленген ауылнайлар аз қамтылған отбасылар тізімін жасап, аптасына бір реттік тегін киім мен азық-түлік таратады. Өз кезегінде әлеуметтік дүкенге демеушілік жасаған облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатынан 2 тонна азық-түлік бөліп, ел алғысына бөленді.

Сондай-ақ, ауыр індеттің алдын алу мен сақтану шаралары бойынша атқарылып жатқан шаралардың қатарында азық-түлік бағасын тұрақтандыру саласы да бар екені белгілі. Облыстық ақсақалдар алқасы бұл бағытта да ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Ел ағаларының қайырымдылық әрекеттеріне көпбалалы аналар ризашылығын білдіруде. Қайырымды шаралардан жәрдем алған жанұя мүшелері жақсылық жасаушыларға алғыстарын айтып отыр.


Соңғы жаңалықтар