Түркістандағы жаңа әуежай қалай салынды

None
None
НУР-СУЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Түркістандағы жаңа әуежайдың фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясы Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсін бастады.

Түркістан халықаралық әуежайына Hazret Sultan Airport есімі берілген.


Ғимараттың жалпы ауданы 905,3 гектар, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр, ұшу-қону жолағының көлемі – 3 300х45 метр, өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны құрайды. Әуежай Түркістан қаласынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Әуежай коды: ICAO-UAIT, IATA-HSA.


Әуежай терминалының ауданы 10,5 мың шаршы метрді құрайды. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Нысан «ашық аспан» режимінде жұмыс істейді және алғашқы халықаралық рейстерін Ыстанбұл мен Дубай қалаларына ашу жоспарланған.


«Бірінші кезеңде Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына күнделікті рейстер орындайды және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа облыс орталықтармен байланысады. Халықаралық бағыттардың ішінде ең алдымен Ыстанбұл, Дубайға рейстер ашу жоспарланып отыр. Болашақта басқа қалаларға, оның ішінде Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылатын болады», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.


Соңғы жаңалықтар