Түркістандағы орталық жылу қазандығы табиғи газға көшірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған ғимараттарға жылу беріле бастады. Орталық қазандық биылдан бастап қатты отыннан арылып, толықтай табиғи газға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазандықты көгілдір отынға ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 750 млн теңге қаралып, алматылық «ASI Building» ЖШС мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Мұнда автоматикалық бақылау, жылу жүйесі, суды химиялық тазалау және сумен жабдықтау бөлімдері бар.

Ал, «Отырар» ықшамауданында өткен жылдан бастап №2 және №3 қазандық бөлімшелері іске қосылған. Қазіргі таңда «Жылу» МКК «Отырар» ықшамауданында 29 көпқабатты, I және II мөлтекауданда 75 көпқабатты үйге жылу берген.

Тағы 28 әлеуметтік бюджеттік мекеме мен 54 жеке үй жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ, қазандықтың қоймасында қосымша 1200 тонна көмір қоры сақталған.

Көгілдір отынмен жылыту кезінде қандай да бір ақау болған жағдайда ескі қазандық пеші көмірмен жылу беруге резевке дайын болмақ.

Мекеме директоры Ерғазы Рысбековтың айтуынша, ұжымда жалпы штаттық кестеге сай 113 жұмысшы еңбек етеді.

Оның ішінде 78 адам ауысымдық жұмысқа жұмылдырылған. Ал, жылыту маусымы 149 күнге созылады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар