Түркістандағы моншада притон ұйымдастырған әйел ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық әйел төтенше жағдай кезінде жеңгетайлық жасап, притон ұйымдастырған. Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың Өзбекстаннан келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістандағы моншаларының бірінде притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері клиенттерге жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырған жеңгетайды ұстады. Ол келушілердің үстінен сыйақы алып, пайда тауып жүргені анықталды. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Ал, өзбекстандық жеңіл жүрісті 6 қыз қамауға алынды» - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар