Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейінде қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейінде «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай фото және кітап көрмесі ашылды. Кітапхана бөлмесінде ұйымдастырылған көрмеге репрессия жылдарына арналған кітаптар қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмені тамашалаушылар сондай-ақ, тарихи суреттер, тұлғалар жайлы деректер, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалармен таныса алады. Аталған шара барысында қазақ тарихындағы тұғыры биік тұлғалар жайлы қорық-музейдің ғылыми-зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Индира Джалишева баяндама оқып, әр жәдігердің құндылығы жөнінде ақпарат берді.
Құйтырқы саясаттың құрбанына айналған зиялылардың ауыр тағдыры жайлы қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Оны тамашалаған тұрғындар аға буынның көрген азабы таңбалы тарихтың төл беттерінде мәңгілік өшпейтінін жеткізді.
«Арыстарымыз атылып, асылып, жер аударылса да азат күннің ақ таңының сәулесіне жол ашып кетті. Әрбіріміз ұлт зиялыларын, жазықсыз шейіт болған халқымызды мәңгілікке ұмытпай, қадір тұтуымыз тиіс. Көрмеде тұрған әрбір тарихи мұра - елінің ертеңін көксеген тұлғаларымыздың өшпес іздері»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.
null
Айта кетейік, аталған көрме бір ай көлемінде қойылмақ. Музейге келушілер мен кітапхана оқырмандары ондағы тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлермен осы уақыт аралығында таныса алады. null

Соңғы жаңалықтар