Түркістандағы әуежай Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда салынып жатқан «Hazret Sultan» әуежайы Гинестер кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, аталған әуежайдың қүрылысы жөнінен дүниежүзінде жылдам салынған нысан саналады.

«Инвестор әуежай құрылысының әлемде тез салынған нысан ретінде Гинестің рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш түсірмекші. Нысан өте жылдам уақытта салынып жатқанымен, Hazret Sultan Airport (HSA) құрылысы сапалы жүргізілуде. Жуырда құрылыстың барысын елордадан келген делегация танысып қайтты. Қонақтарға ұзындығы үш шақырымнан астам, екі шақырымнан асатын ұшу-қону жолағы көрсетілді. Әуежай құрылысын жүргізушілер бұл жерде үлкен ұшақтардың өзі жұмсақ қонады деп уәде беруде. Техникалық ұшырылым осы айдың соңында жүргізіліп, ал толық пайдалануға келесі жылдың қаңтарында берілмек», - деді Сәкен Қалқаманов.

Еске салсақ, жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында осы әуежай құрылысымен танысқан болатын. Халықаралық әуежай құрылысы биыл аяқталады.



Соңғы жаңалықтар