+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Түркістанда жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті

2021 жылғы 24 ақпан 19:01
Бөлісіңіз:
Түркістанда жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімдігінің ахуалдық орталығының базасында төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті. Ауқымды шараға төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері мен құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ІІМ қандай қауіпсіздік мәселелерін шешудің қажет екенін зерделеуде Бауыржан Байтанаев: Түркістанның тарихы Күлтөбеден басталады Мәжілісте Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселесі көтерілді

Сценарий бойынша ең алдымен облыс әкімдігі ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, барлық қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шықты. Жер сілкінісі орын алған жағдайда өрт оқиғасы, ғимараттардың құлауынан шығу жолдарды жабулар орын алуы, баспалдақтардың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. Тілсіз жаумен күреске 101– өрт сөндіру қызметі мен 112 құтқару қызметі шақыртылды.


Оқиға орнында жедел штаб құрылып, мамандар жарық жүйесін толығымен сөндірді. Ғимараттың барлық су жүйелерін тоқтатты. Жоғары қабатта өрттің ушығуына байланысты бірнеше азамат 4 қабаттың балконына және ғимараттың шатырына шығып, көмек сұрады. Барлығы құтқарылып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.


Ал «Шұғыл құтқару жасағы» кинологиялық қызметімен бірге ғимарат ішінде қалып қойған немесе ес-түссіз қалған азаматтарды көмектесу мақсатында итпен іздестіру жүргізді. Орын алған шартты өрт сөндірілді. Сейсмикалық жаттығуға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 11 техникасы мен жеке құрамының 30 қызметкері тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT