Түркістанда Яссы бағы бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық алдында онлайн есеп берген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанды түрлендіру бағытында атқарылған шаруалар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістанның тарихи орталығын қалпына келтіру бойынша Әзірет Сұлтан музей-қорығының әрбір нысанын дамытудың тұжырымдамалық жоспары әзірленді. Қолданыстағы материалдарды барынша сақтай отырып Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі жаңартылды, Қазақ хандарының ресми қабылдаулары өткізілген – Үлкен Ақсарай залы сол заманның ұлттық нақышында реновацияланды», - деген министр.

Оның айтуынша, кесене мен Жеті Ата қақпасының арасынан өтетін магистралды көше қайта төселіп, қолөнер дүкендері мен шеберханалар қалпына келтіріліп жатыр. Ғ ылыми-қалпына келтіру жұмыстарымен қатар кесене аумағын абаттандыру да қарқынды жалғасып жатыр.

«Соның шеңберінде көлеңкелі дәліздерді, орындықтарды орналастыру, сондай-ақ кесененің бүкіл аумағын ландшафтық сәулетпен, субұрқақтармен, ашық айвандармен (далан) жақсарту арқылы келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ Яссы бағын құру көзделеді және осылайша тарихи ландшафтты жандандыру жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар