Түркістанда туризмді дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы. Ортақ мақсат пен басты міндеттеріміздің бірі – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, оның ішінде буферлік яғни, айналасындағы аймақ пен онда орналасқан археологиялық паркті халықаралық стандарттар мен ЮНЕСКО талаптарына сәйкес келтіру. Туристер мен зиярат етушілер қасиетті мекенге келіп қана қоймай, 2000 жылдық тарихын сезіне білуі керек. Бұл жайлы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау бойынша халықаралық сарапшылардың Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездеуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімдігінен мәлім еткендей, шетелдік қонақтар орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші, мұсылмандардың жаппай зиярат ету орнына айналған Ясауи кесенесіне әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен зиярат етушілердің ағылып жатқанына куә болғандарын жеткізді.


Сонымен қатар, сарапшылар өткен жылы Бакуде өткен ЮНЕСКО комитетінің 43-сессиясының қорытындыларын тағы бір атап өтті. Кездесуде Қазақстан Үкіметі, оның ішінде ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берілді. Кездесу барысында биыл Түркістанда тұрақты туризм мен қасиетті мұраны дамытуға арналған халықаралық конференция өтетіндігі белгілі болды. Қорытындысы бойынша қасиетті мұра нысандарында тұрақты туризмді дамыту арқылы толеранттылықты, өзара түсіністік пен диалогты арттыру рөлі туралы декларация қабылданады деп күтілуде.



«Конференцияның мақсаты - туристік бизнес модельдерінің дамуын ынталандыру және қажылық пен туризмнің қасиетті жерлерге қосқан үлесін ілгерілету, сондай-ақ зиярат етушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және жергілікті қауымдастықтармен қасиетті жерлерде туристік менеджмент саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат пен үздік тәжірибе алмасу желісін құру. Сондай-ақ сарапшылар бүгінгі таңда әлемде әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді дәріптейтін қасиетті нысандар бар екенін атап өтті. Олардың көпшілігі жергілікті рухани және мәдени дәстүрлерге терең бойлаған және әлемдік мұралар тізіміне енген қасиетті мекендердің 20 пайызға жуығы Ясауи кесенесімен рухани байланысты», деді облыс әкімдігінен.

Кездесу соңында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев халықаралық сарапшыларға Дүниежүзілік мұра нысандарын сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар