Түркістанда терроризмге қарсы бірлескен отырыс өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Түркістан облысында терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен проблемалық мәселелерді шешу бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі аясында қауіпсіздік шараларына қатысты тиісті тексерулер жүргізуді жүктеді.

Сонымен бірге, жиында облыс аумағындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар мен заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар баяндалды. Бұл ретте аймақ басшысы құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.

Мәжіліс соңында құзырлы орган басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, алдағы мерзімге арналған арнайы шаралар жоспарын қабылдайтынын мәлімдеді.
null 

Соңғы жаңалықтар