Түркістанда тауық еті арзандады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда тауық еті арзандады, Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында тауық еті бағасының өсуі өңірде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаментінің тауық етін өндіру мен өткізудің тауар нарығына монополияға қарсы талдау жүргізуіне себеп болды. Белгілі болғандай, жыл басынан бері тауықтың сан етінің бағасының өсуі 9% құрады. Бағаның елеулі өсу көрсеткішін ескере отырып, монополияға қарсы департамент «Инфрастрой ЛТД» ЖШС іс-әрекеттерінде өндірілетін өнімге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланудан көрініс тапқан бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.

Қазіргі уақытта «Инфрастрой ЛТД» ЖШС өндірілетін өнімнің сату бағасын бұрынғы бағаға дейін төмендетіп, хабарламаны орындады.


Соңғы жаңалықтар