+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Түркістанда спорт ғимараты ашылды

2019 жылғы 15 қараша 00:35
Бөлісіңіз:
Түркістанда спорт ғимараты ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан осы білім ордасының ұстаздары мен түлектеріне, еңбек ардагерлеріне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты ардагерлер тақтасы мен спорт ғимаратының ашылу іс-шарасы өтті. 90 жылдық тарихы бар білім ұясына республиканың әр өңірінен түлектері келіп, ақжарма тілектерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барысында Совет Одағының батыры Абдулла Үсенов пен Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Сырлыбек Байжановқа арналған ескерткіш тақтасы ресми түрде ашылып, марқұмдарды үнсіздікпен еске алды. Мектеп директоры жиынның маңыздылығына тоқталып, демеушілік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.

«2018 жылы сол кездегі шаһар басшысы Әліпбек Өсербаевтың басшылығымен спорт зал құрылысы басталып, биыл мінекей, пайдалануға беріліп отыр. Жаңа ескерткіш тұрғызу барысында мұнда аты жазылған тұлғалардың қатарын толықтырып, тағы бірқатар ардагер атанған мектеп түлектері мен мұғалімдерінің есімдерін енгіздік», – деді мектеп директоры Қайрат Жүсіпалиев.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT