+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Түркістанда салынып жатқан құрылыстарға ою-өрнектер қолданылады

2021 жылғы 2 наурыз 02:31
Бөлісіңіз:
Түркістанда салынып жатқан құрылыстарға ою-өрнектер қолданылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет шаһардағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының қатаң қадағалауымен жүргізіліп жатқан мәдени -рухани орталықтағы халықаралық деңгейдегі нысандар әлем туристерін қызықтыратын әрі тарихтан сыр шертетін ғажап орталыққа айналуда. Туризм саласын дамытуда жан-жақты жобалар жүзеге асып жатқан шаһарда ЮНЕСКО-ның қорғалу аймағындағы ғимараттар салынып, олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің биіктігінен аспауда. Бұл аумақтағы ғимараттар мен баспаналар ортаазиялық үлгіде бой көтеруде. Сәулеттері келіскен ғимараттар қазақы нақышта, ою-өрнектер қолданылады. Осылайша облыс орталығында ерекше көрік беретін ауқымды жобалардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі де бірегейі – «Керуен-сарай» кешені. Жоспар бойынша бұл кешен көне заманның ежелгі сауда алаңдарын еске түсіретін үлкен шығыс үлгісіндегі гранд-базарға айналады. «Керуен-сарай» аумағында қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар, тарихи-сауда көшесі мен жасанды көлмен қатар, кешенге жақын жерде «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені орналаспақ. Түркістаның жаңа көрікті аумағындағы құрылыс барысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аралап көріп, құрылысшылармен кездесті.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға демалыс орындарындағы балалар алаңқайларының сапасы мен қауіпсіздігін жіті қадағалауды жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT