Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өнер фестивалі өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы «Арбат» алаңында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мейірім шуағы» атты мерекелік өнер сайысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, отансүйгіштікке баулу ұлттық рухта тәрбиелеу, өмірге деген құштарлығын, қоғамдағы белсенділігін арттыру.

Балалардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, қалалық мәслихат депутаты А. Тилепова қатысты. Сондай-ақ қала әкімі Р.Аюпов пен мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев та келіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ балаларды арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Өнер кешінде Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен, Кентау, Түркістаннан қатысқан 75 үміткер ән айтып, би билеп, сурет салып, өнерлерін ортаға салды.

Дарынды оқушылардың қуанышына эстрада жұлдызы Қуандық Рахым ортақтасып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Соңғы жаңалықтар