Түркістанда мобильді топтардың арқасында індеттің таралуы тежелді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қалалық емханасында дәрігерлерден құралған мобильді топтардың жұмысы жанданып, жұқпалы вирустың таралуы мен дәрігерлерге жұқтыру қаупін бірнеше есе төмендетті.

Бүгінде 18 мобильді топ керекті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етіліп, қала әкімдігі тарапынан берілген қызметтік көліктермен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білікті дәрігерлер мен медбикелерден құралған топтар науқастарды коронавирус, пневмония және басқа да аурулар бойынша тексеріп, алғашқы ем-домын жасайды. Мәселен, соңғы бір айдың ішінде жалпы саны 85 коронавирус, 101 пневмония, 46 басқа да дене қызуы бар науқастардан шақырту түскен. Мобильді топ санының көбейгені, шақыртуларға кезек күттірмей әрі жылдам баруға мүмкіндік беріп отыр. Ол өз кезегінде дәрігерлер қызметін жеңілдетіп, ауру таралуының алдын алуда. Ал, дене қызуы көтерілген науқастарға үйінен шықпай медициналық көмек алуға мүмкіндік жасайды.


Соңғы жаңалықтар