Түркістанда «Мейірім шуағы» акциясы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен ерікті жастар бүгін коммуналдық және құрылысшы жұмыскерлерге арнап «Мейірім шуағы» атты қамқорлық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таза әлем» жобасы аясында ұйымдастырылған шарада еріктілер облыс орталығындағы әрбір нүктелерде еңбектеніп жүрген жұмыскерлерге, құрылысшыларға тәтті бәліш пен ыстық кофе таратты.

Сондай-ақ, «Жастар орталығының» мүшелері мен волонтер жастар көшелерді тазартып, қоқыстарды жинауға қолғабыс етті. Жолдағы қарларды күреп, тазалықшылардың жұмыстарын жеңілдетті. «Таза әлем» акциясын ұйымастырушылар осылайша жастардың үлкендерге деген құрметі мен қалаға деген сүйіспеншілігін ұғындыруға тырысты. Аталмыш шара, дәстүрлі түрде жыл сайын әр түрлі мезгілде, аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді.

«Жалпы тазалық жұмысшылары таңғы 4-5-тен тұрып еңбек етеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қаланың тазалығы мен сәулеті үшін еңбек ету қандай құрметке болсын әбден лайық», - дейді акцияға қатысушылар.

Соңғы жаңалықтар