Түркістанда «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» атты көшпелі көрме ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» көшпелі көрмесі ашылды. Шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында ұйымдастырылған көрме Маңғыстау өңірінің киелі, тарихи және мәдени нысандары мен жергілікті бағалы құндылықтарын, табиғи ландшафтары мен мұраларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Онда тарихи сәулет кешендері және ескерткіштер мен кесенелер, тарихи және саяси маңызы бар оқиғалардың орындарын халық арасында насихатталды. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Шопан атаның тарихы мен кесенесі жайлы ұстаз еліне кеңінен таныстыру да көзделген. Маңғыстау өңірінің тарихи көрмесін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов ашып, көрмеге келушілерді сыр тұнған өлкенің тарихына бойлаған айтулы күнмен құттықтады.


Шараға Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасы мен «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, тарихшылар мен ғалымдар, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері, жастар мен музейге келуші қонақтар қатысты. Жиын барысында «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінің қызметкері А.Яриханова жұртшылықты көрмемен таныстырып, қасиетті орындардың тізіміне енгізілген 15 жалпыұлттық және 28 жергілікті маңызы бар нысандар жайлы ақпараттар берді.


Көрме соңында тарихқа бай Маңғыстау өңірі жайлы деректі фильм көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар