Түркістанда көне түркі дәуіріне қатысты балбал табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында көне түркі дәуіріне қатысты тас мүсін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мұхтар Қожаға сілтеме жасап.

«Жақын арада Түркістан облысының күн қақтаған даласында көне түркі дәуірінің мүсіні жатыр деген хабармен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Археология ғылыми зерттеу институты қызметкерлері шұғыл сапарға шығып көне жәдігерді көруге асықты... Түркі дәуіріне жататын тас мүсін бейнесі ерекше екен. Бір қарағанда ерекше бас киімі бар мүсін «көне түркілердің құдайы - Ұмай ананы, не байырғы бақсыны - діни қызметкерін бейнелеп тұр мА» деген болжамдар айтып жатырмыз. Зерттеу жұмыстарын жүргізіп нәтижесін жариялаймыз. Мұндай ескерткішті және оның бастапқыда табылған жерін көрсеткен азаматқа - Сапарбек Асқарбекұлына ерекше ризамыз, алғысымызды білдіреміз», - деп жазды Мұхтар Қожа Facebook -тегі парақшасында.

Оның айтуынша, ескерткіштің негізгі бөлігі толығымен сақталған.


Соңғы жаңалықтар