Түркістанда киімнің темір сыдырмасын жұтып қойған жеті айлық сәби құтқарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында жеті айлық сәби киімнің темір сырмасын жұтып, қақалып қалған. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы дереу медициналық жедел жәрдем қызметін шақыртқан , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шақыртуға 9 минутта жеткен құтқару тобы шұғыл түрде сәбидің тамағынан бөгде затты шығарып алады. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіп, тиісті медициналық тексеру шаралары жүргізілген. Қазіргі таңда нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ. Айта кетейік, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы қызметкерлері жыл басынан бері өгде затты жұтып қойған 1330 сәбиді құтқарған. 600-ге жуық ересек азамат та медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Соңғы жаңалықтар