Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының ІІІ форумы өтуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда үкімет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастық өсудің жаңа нүктелері ретінде» тақырыбында Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы басталды. Ертең екі елдің премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Форумның бірінші күні аясында екі елдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің кездесулері өтуде. Қазірдің өзінде 40 В2В астам кездесулер өткізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 миллион АҚШ долларынан асатын келісімшарттар жасалады деп күтілуде.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың 9 айында 2 886,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас деңгейінен 28,5% - ға жоғары. Оның ішінде 2 098,2 млн АҚШ доллары – Қазақстаннан тауарлар экспорты (өсім 30,1%).

Өзбекстанға қазақстандық экспорттың негізгі тауарлары: қоспаланбаған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, қоспаланбаған болаттан жасалған жазық илек, жеңіл автомобильдер, мыс концентраттары, АӨК өнімдері (бидай, ұн, соя майы және т.б.) болып табылады.

Өзбекстаннан келетін импорттың негізгі тауарлары жаңа піскен жемістер мен жидектер, еденге арналған кірпіш және құрылыс блоктары, керамикадан жасалған бұйымдар, этилен полимерлері болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 22 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық шеңберінде Сауда және интеграция министрі - ҚР Президентінің Өзбекстан бойынша арнайы өкілі Б.Т. Сұлтановтың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары өтті.

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовпен, Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Жәмшид Ходжаевпен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өзара сауда көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайтуды бірлескен жұмыс үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп белгіледі.

Тараптар «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы (ХСЭЫО) жобасын іске асыру барысын талқылады. Бұдан басқа, осы орталықтың өнеркәсіптік бағыты туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытуға мүмкіндік береді. ХСЭЫО барынша экономикалық әсерге қол жеткізу үшін және солтүстік-оңтүстік, батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәліздерімен интеграциялау мақсатында Қазақстан тарапы ХСЭЫО-ны Қазақстан Республикасының аумағында «Алатау» СО және «Қорғас» ШЫХО-мен, сондай-ақ өзбек-ауған шекарасында «Термез» ХСО-мен және Өзбекстан шекарасында жоспарланып отырған ұқсас шекара маңындағы орталықтарды Қырғызстанмен және Түрікменстанмен ұштастыруды қамтамасыз етуді ұсынды.

ҚР Сауда және интеграция министрінің - ҚР Президентінің Өзбекстан бойынша арнайы өкілінің кездесулері кезінде ХСЭЫО жобасын іске асыру қазақстандық және өзбек тауарларын үшінші елдердің ірі нарықтарына бірлесіп жеткізу үшін Еуразиялық тауар өткізу желісін құру жөніндегі бастаманы ілгерілету, сондай-ақ маусымаралық кезеңде өз нарықтарын молықтыру шеңберінде ерекше өзекті екені айтылды.

Кездесулер барысында тараптар өзара саудадағы кедергілерді жоюды, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстанның көлік саласындағы, соның ішінде теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары 2021 жылдың соңына дейін күтілуде.



Соңғы жаңалықтар