Түркістанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық шаралары жүріп жатыр.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық орталық аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас дәрігердің сөзінше, пандемия кезінде 250 төсек орындық карантиндік стационарда 849 пациент емделген. Сондай-ақ, 16 пациент провизорлық стационарға ауыстырылған.
«Пандемия кезінде қалада 320 төсек орындық провизорлық стационарда 1384 пациент жазылып шықты. Covid-19 коронавирус инфекциясына ПЦР талдауына оң нәтиже берген 88 науқас инфекциялық госпитальға ауыстырылды. Ал, 50 төсек орындық инфекциялық госпитальда Covid-19 инфекциясынан 56 науқас жазылып шықты. Қайтыс болғандар тіркелмеді», – деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, ауруханада эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің ішінен коронавирус инфекциясын жұктырған 11 адамға, оның ішінде 8 дәрігерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде екі миллион теңгеден төленген. Бүгінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралардың (А,Б,В,Г) жоспары бекітілген. Індеттің екінші толқынына байланысты 250 төсек орындық провизорлық стационар мен «Ақмарал» клиникасында 70 төсек орындық провизорлық стационар, барлығы 320 төсек орындық провизорлық стационар ашуға толық мүмкіншілік бар.
- Мәулен Әшімбаев халықты вакцинациялауға қатысты пікір білдірді
- Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді
- Кентауда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
- Елорда дәріханаларында препараттың шекті бағасын көрсететін QR-код орнатылды
-
Созақтағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды
-
Коронавирус: Тегін дәрілер тапшылығы жөнінде қайда шағымдануға болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам