+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

2020 жылғы 17 ақпан 20:45
Бөлісіңіз:
Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысының полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі өткізу мен сақтау және басқа да қылмыстар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімдігі әлеуметтік желіде радикалды ұйымның ықпалынан сақ болуды ескертті Телефондағы артық ақпарат үшін түрмеге тоғытылғандар бар - дінтанушы Дінтану білімінің өзектілігі зор

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы сондай-ақ діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер де анықталған. Нәтижесінде өңірде деструктивті діни ағымды ұстанушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы діни сипатты бұзғаны үшін ұсталған.

Тәртіп бұзушыларға 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

«Полиция департаменті мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаумен айналысатын адамдарды ұстау үшін бірқатар арнайы операция жүргізді. Тінту кезінде күдіктілерден ұялы телефондар, діни мазмұндағы баспа әдебиеттер мен компьютерлік техника тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің барлық материалдары айыптау актісімен сотқа жолданған» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT